Воскресенье, 07.12.2025, 06:40
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 32
Гостей: 32
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Январь » 28 » Мәуліт түні қарсаңында
Мәуліт түні қарсаңында
20:11
Сәкен Майғазиев,  әнші:
Ең тамаша қорған-Алладан дұға тілеу
Құран оқыған кезде өнер адамдары есіме көп түседі. Құдды «мені ұмытып кетпесеңші» дегендей ойыма орала кетеді. Марқұм Нәби Аймұрат, Руслан Бөлебай, Мәдина Ералиева және «Тамаша» тарландары көз алдыма келіп, тілеме оралып, дұғама қосылып жатады.
Сәкен, сіз арманы орындалған азаматтардың бірісіз. Адам арманының барлығына қол жеткізу мүмкін бе?
-Кез келген арманың орындала қалуы мүмкін емес қой. Жүз жерден жүгірсең де бұйырмасқа жетпейтінің және бұйырғанның кетпейтіні бар. Бұл-«пешененің жазуы» болса керек. Жолыңда кездескен кедергіге қарамай, еңбектену арқылы өзің діттеген мақсатқа жетуге болады деп ойлаймын. Барлығымыз білетін екі бақа туралы әфсана да осы сөзді дәлелдемей ме? Кеседегі сүтке түсіп кеткен екі бақаның бірі «болдым, біткен жерім осы» деп өмірімен қош айтысып жата беріпті. Екіншісі жанұшыра тырбаңдай берген екен. Бақаның қимылынан сүт күбідегідей шайқалып, әуелі айранға  айналып, артынан бетіне майы бөлініп шығыпты. Қатқан майдың бетінде қалқыған бақа, құмырадан сыртқа секіріп шыққан екен дейді. Жай ғана айтылған әңгіме десек те, еңбектене берсең, бір нәтиже болатыны рас. Бір сағат немесе бірер минуттан кейін өміріңнің қалай өзгеріп кететінін, алдында не күтіп тұрғанын білмейсің. Пайғамбарымыздың (с.а.у) сахабаларының бірі, «бір намаздан екіншісіне жетпей қалам ба» деп, ал екіншісі «оң жағыма сәлем беріп, сол жағыма үлгермей қалам ба» қорыққан екен. Сол айтқандай бүгін бар, ертең жоқ дүниеден нақты болжам айтудан аулақпын.
Көз тию секілді жамандықтардан қалай қорғанасыз?
-Әр концерттің алдында алақанымызды жайып, Алладан тілек тілейміз. Көптің назары ауырлық етпесін деп, концерттен кейін салқын душ қабылдаймын. Тазалық көзі саналатын сумен жағымсыз энергияның барлығы кетеді. Үнемі тазарып, Алладан дұға, тілек тілеу-ең тамаша қорған деп ойлаймын.
Г. Бостан
(«Абыз», №7, 2011ж., қысқартылып алынды)
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 906 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Январь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz