Воскресенье, 07.12.2025, 06:37
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 26
Гостей: 26
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Июль » 9 » ҚМДБ-ның сорақы сайысты болдырмауға қатысты МӘЛІМДЕМЕСІ
ҚМДБ-ның сорақы сайысты болдырмауға қатысты МӘЛІМДЕМЕСІ
21:49
Аса қамқор ерекше Алланың атымен бастаймын!
Арсыздық пен азғындыққа апарар амал
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сорақы сайысты болдырмауға қатысты   
МӘЛІМДЕМЕСІ

Қарт қара жер бүгінге дейін қаншама зұлмат қылмыстар мен ауыр күнәларды көтеріп келгені мәлім. Бір белгілісі, қасиетті Құранның тәліміне сүйенсек, қара жердің өзі үстінде жасалған барлық жақсылық пен жамандықты баян ететін күн келеді (Қараңыз: «Зілзала» сүресі, 4-аят). Алайда осы бір ақиқатқа көз жұма қарап, жер бетінде арсыздық пен  азғындықты жайған залымдар тарихта аз болмаған. Хайуан екеш хайуан да жасамайтын кейбір қылықтар адам бойынан табылды. Мәселен, адамды Құдайға емес, өзіне табындырған Перғауынның өлімі, Лұт қауымының жер бетінен тып-типыл жойылуы, Нұх пайғамбар (ғ.с.) сөзіне құлақ аспағандарды тірідей жұтқан топан су, бәрі де азғындық пен шектен шығушылықтың салдары еді.
Енді, міне, ғасырлар бойы мұсылман болып келген қазақ елі небір зұлматтардан аман өтіп, жаңа заманға аяқ тіреп, еңсесін тіктеп, иманды өмірге бет бұра бастағанда, «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты». Сарыарқаның төсінде, дәлірек айтқанда, әсем қала Астанада жастар арасында сорақы сайыс өткізу туралы «бастама» есті жұртты елең еткізді һәм ұлт пен дін жанашырларының наразылығын тудырды. Оған 13 шілде күні өтетін сайыста Астана жастарының ардан безуі себеп болмақ. Осынау бәлелі істің басы-қасында жүрген Ербол Құшұғылов осыған дейін (2010 жылдың 25 желтоқсанында) «Нұр Астана» мешіті жанындағы «ASIA PARK» сауда үйінде тырдай жалаңаштар жарысын өткізіп, ұлттық ар-намысты аяқ асты еткені есімізде. Енді екі күн бойы (48 сағат) бұғанасы бекімеген, рухани діңгегі қатпаған жастарды жұрт көзінше сүйістіріп, бойларын арсыздыққа үйретпек. Жастарды жалаңаштау да, сүйістіру де – түптеп келгенде ұлтты азғындыққа салудың алғашқы баспалдақтары.   
Бұл біздің елдің имандылығы мен адамшылығын сарапқа салары анық. «Күнәлі іспен «Гиннес» кітабына енеміз» деген ойдың өзі неткен қорқынышты, әрі жиіркенішті.
Сан ғасырдан бері ұлының иманы мен қызының ибасын өміріне тірек етіп келген момын қазақтың ішінен осындай пайымсыз тентегін тыятын атқа мінер табылмайды дегенге сенгіміз келмейді.
Күні кеше ғана бүкіл қазақ мұсылман ел екенімізді айдай әлемге паш еттік. Ғажайып «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылды. Міне, бүгінде рухани келісімнің ордасына айналған Астанада ұлт болашағы – ұл мен қызымызды сүйісуден жарыстыру қаншалықты орынды? Ай дейтін ажа, қой дейтін қожа болмаса, ертең елімізде ашық зина жасаудан байқау өткіземіз дейтіндер шықпасына кім кепіл?
Адамзаттың асылы ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Егер бір жамандықты көрсең, қолмен түзет, оған шамаң келмесе, тілмен айт, оған да күшің жетпесе, жүрекпен жек көр. Бұл – иманның ең әлсізі», – деген.
Ендеше ел төрінде осындай сорақы істі болдырмауға баршамыз жауаптымыз. Сондықтан «арым – жанымның садағысы» деп өткен арда қазақтың бүгінгі ұрпақтары бұл іске бей-жай қарамайды деген сенімдеміз.

muftyat.kz
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 874 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Июль 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz