Воскресенье, 07.12.2025, 06:38
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 31
Гостей: 31
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Октябрь » 15 » ҚМДБ: Құрбан айтқа дайындық қалай?
ҚМДБ: Құрбан айтқа дайындық қалай?
15:30
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің қатысуымен кезекті төралқа мәжілісі өтті. ҚМДБ-ның аймақтағы өкіл имамдары бас қосқан жиында ұлық мереке – Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу игілікті іс-шаралары пысықталды. Дінбасы өкіл имамдарға мереке күні мешіт ауласына, асханасына арнайы дастархан жайып, келген қонақтарға құрмет көрсетуді, рухани кеш ұйымдастыруды, тұрмысы төмен отбасыларға құрбандық етін таратуды, бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілеріне, зиялы қауым өкілдеріне, мемлекеттік мекеме басшыларына Құрбан айтпен құттықтау хаттарын жіберуді, айт қарсаңында арнайы баспасөз мәслихатын өткізуді тапсырды.
Басқосуда сөз алған ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Әзілханов мешіттерді қайта тіркеу жұмысында белсенділік танытқан ғибадатхана қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Төралқада «Зекет» қорының жұмысын жүйелі жүргізу, мешіт-медреселердегі діни сауат ашу сабақтарын жандандыру, асыл дін – Ислам насихатын күшейту, т.б. мәселелер сөз болды. Бас мүфти уағыз-насихат жұмыстары бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізген кейбір облыс имамдарына алғысын жеткізді.

muftyat.kz
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 766 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz