Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бейбітшілік пен келісім, әрбір отбасыға жақсылық тіледі.ҚР Президенті Алматы метрополитенінің бірінші кезеңі құрылысы аяқталуы барысымен танысқаннан кейін осы құттықтауын жеткізді.Сондай-ақ Мемлекет басшысы оңтүстік астананың дамуындағы алға басушылықты атап өтті.Н.Назарбаевтың айтуынша, ағымдағы жылы Алматы қаласының бюджеті 246 миллиард теңгені құраған. Алматылықтардың орташа жалақысы шамамен 120 мың теңгені құрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық көрсеткіш. «Алматы барлық салада қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда қала 20 жыл бұрынғы қаламен салыстырғанда сапалы шаһарға айналды», – деп қорытындылады өз сөзін Мемлекет басшысы. Today.Kz
|