Қадірменді оқырмандар!
Алдымызда-Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күндеріне байланысты айтарымыз тойларымыз тойға ұласып, мейрамдарымыз құтты болсын, Отанымыз гүл-гүл жайнап, халқымыз бақытты өмір сүрсін демекпіз.Өткен шақтардың кейбір «іздеріне» көз салыңыздар.Ғали ОрмановТілек
Алысқа тұрмын, сәулем, аттанғалыҚан майдан, екіталай қайтпақ, әлі.Қолымда жүрегіңнің табы жүрсін,Қысайын қолыңды әкел, қалқам, кәні!Қалармын, бәлкім, қайтпай жер жамылып,Қарарсың кеткен жаққа сен сағынып.Толтырып ыстық жасқа көз шараңды,Кек, арман, көкірегіңде көп қамырық!..Амал не, ара тұрмақ кім өлімге?Ар үшін өлсем, артық тілегім не?Жалғыз-ақ жалғанда бір еншім болсын-Сақтай жүр атымды аяп жүрегіңде!1941 ж Қасым АманжоловСарыарқа
Сарыарқа сап-сары алтын жүзген нұрға,Қоналқы мекен болған сан ғасырға,Сайран тау, самал жайлау, сырнайлы өзенЛебімен алар тартып, шықсаң қырға.Көтеріп ән мен жырдың күй қанаты,Жүрегің ұшар құс боп аспанында,Әлемнің саған ауып махаббаты,Сарыарқа орнар сенің жас жаныңда.Жұбанып сол Сарыарқа құшағында,Есімде ойнағаным жас шағымда,Жетімдік жалбыр тонын жерге соғып,Құмартып ауған бұлтқа, алыс шыңға.Арқа ару, ашып нұрлы күн бетіңді,Ойнатып, еркелетіп мен жетімді,Аулақтап сұр бейіттен әкетуші ең,Не дермін сенің сол бір құдіретіңді?1943 жӘбдікәрім АхметовҚалайша қалмас есімде?..
Есімде, жастық көңілді ай,Есімде, сол бір жасыл жаз.Құшақта жарым, көгімде ай,Жүректе жалын басылмас.Есімде, тоқтап трамвай,Эфирде ән-күй тынған шақ.Қоштасуға қыя алмайТұрғаның талай қызғаншақ.Қарасын көктен қашанғы ай,Таң атқан талай арайлап,Кетуші ең көзді аша алмай,Сонда да маған қарайлап...Қалайша қалмас есімде,Бұл бақыт сонда бір туды.Ұлымыз енді төсімде, Ұйпалап жатыр мұртымды.
|