8-Наурыз Халықаралық Әйелдер күні құтты, өмірлеріңіз баянды болсын деп тілейміз!Осы орайда Оразақын Асқарұлының өлеңінен үзінді ұсынып отырмыз. «Екеуіңе»
Қиын да емес, оңай да емес үй болу,Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап үйрену,Көңілін табу, қабағын бағу жарыңның,Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру.Болады онда ішкі де сыртқы –«саясат»,Аяйық жарды біреуді егер аясақ,Жақсы үйде болмақ әскери қатаң құпия,Жүрмеңдер әсте ішкіні сыртқа жас сап.Қашанда жарға керегі жылы назарың,Жалғызсыратпа, тарқызба күту азабын.«Мен сүйіп едім, сен неге бүйтпей жүрсің»-депСауданың үйге орнатпау керек базарын.Асығыстықтан, ашудан абзал безінген,Дос болу керек қашан да сабыр-төзіммен.Жар деген өзің, өзім деп тапқан жалғызың,Кешірімді бол келіспей жүрме өзіңмен.Киелі зат жоқ-жарыңның махабатынан,Екеуіңді де аялауға оны шақырам.-Көсегелерің көгерсін!-берген ақ батамСендерден бұрын үй болғандардың атынан.
|