Қадірменді оқырмандар!
Рамазан айының жақындауына орай сіздердің назарларыңызға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау коммиссиясы мақұлдаған бірді-екілі материалдар ұсынамыз.Тәубеге келейік
Алла Тағаланың он сегіз мың ғалам жаратылысының бірі-адамзат баласы мен періштелер. Адамзат сәби кезінде періштелер секілді күнәдан пәк болады. Өсе келе адам жүрегінде қарама-қайшылық, күмән-күдік, бұзақылық, басқа да нашар мінез-құлық қалыптасады.Тек қана періштелер ғана күнәдан пәк болады. Себебі кітапта періштелер туралы былай дейді: «қиами бинф-сиһи». Мағынасы өзімен-өзі тұрады, ішіп-жеуге мұқтаж емес, тек Аллаға құлшылық етіп, адамдарға бас иіп, тағзым етеді және адамдардың тілегін Алла Тағалаға бұлжытпай жеткізеді. Ал пенделер ішіп-жейді, сондықтан күнә жасайды, күнәсіз пенде болмайды. Енді пенделер күнәға қалай батады? Баз біреуі дүние жинап, баюдың жолына түседі. Адам өз еңбегімен байыса Алланың наразылығы жоқ. Өзін-өзі асырау, балаларына пәпақа іздеу жолында таза жол таба алмай өмірде адасатын кездері болады.«Адасқанның айыбы жоқ, қайта жөнін тапқан соң» дегендей, тәубеге келетін болса, Алла тарапынан құтылудың шарасы (дауасы) Аллаға тәубе келтіру деп аталынады.Алладан кешірім өтіну жүректегі жаман пиғылды (ниетті), сорақы сезімді, зиянды пікірлерді өкінішті көз жасымен ғана жуып кетіреді. Осы арада «Мен осыншама күнә жасадым, ендігі баратын жерім тозақ, одан маған құтылу жоқ» деп үмітсіздікке салынып жүре берсе күпірлік болады. Алла Тағаланың «Тәубе жасағанның тәубесін қабыл аламын» деген уағдасы бар. Тәубе қылу адам баласының жас шамасына қарамайды, нееғұрлым ерте жасалынса, соғұрлым тез қабыл болады.Әсіресе жастарды Ібіліс шайтан айналдырып, азғырады. «Сен жассың, жас кезінде істеріңді істеп қал, қартайған шағыңда тәубеңе келіп үлгіресің»,-дейді. Жастар, осы Ібіліс шайтанның азғыруынан сақ болғайсыңдар!Тәубе жасағаннан кейін пенде күнә жасамаған қалыпта болады. Ал енді тәубеге келіп, қайтадан қисық жолға түссе, онда Алланың қаһарына ұшырайды. Ал кейбіреулерде «мен осындай қайыр садақа жасадым, жаным жәннатта болады» деген тәрізді кеудемсоқтық пен асып-төкпе ой пікірі көңілге ұялар болса, онда мұндай қылық «Аллаға асылық келтірді» деп бағаланады.Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Мұсылман баласы қорқу мен үміт аралығында болғаны мақұл»,-деп өсиет етті.Жалғасы бар...
|