Тәубеге келейік
Жалғасы...
Сонымен қатар тәубеге келген адамның күнәларын еске түсірмеу керек. Мысалы, ішімдік ішкенін, құмар ойнағанын, партияда болғанын т.б. Ал еске түсірген адам күнәға бата береді де, тәубеге келген адамның күнәсі төгіле береді.Ал бізде қазақта баяғы күншілдігімізге басып біреу тәубеге келіп, намаз оқыса, ораза тұтса мысқылдап артынан күлеміз. Кешегі пәленше еді, оның күнәлары бар еді, бүгін намаз оқи қалыпты ғой дейміз.Осыны естіп отырған, енді тәубесіне келейін деп жүрген екінші адам тәубеге келуден айнуы ықтимал.Міне, қазақтың көпшілігінің хақ жолына түспеуінің себебі осында жатар. Мұсылмандықты қатты ұстаған шығыс халықтарының небір баукеспе ұрылары тәубеге келіп жатса, басқалары құтты болсын айтып қуанады. Бізде осылардай болайық. Намаз оқысақ, ораза тұтсақ бірімізді біріміз дәріптеп құтты болсын айтып, кейінгі жастарға үлгі-өнеге болып жол көрсетейік.Тәубе намаз үстінде қабыл болады.Марат Көсемұлы
Шортанбай би:
«... Жігіттің қасиеті-қынуында»
Жылқышы қаңлы Қилыбай баласы Тұрым деген кісі кезінде тілге шешен, еліне беделді, жігерлі азаматтың бірі болыпты. Оның қалыптасқан бір әдеті ұзақ жолға шыққанда қоржынын бос алып шығып, жолай кездескен оңтайлы отын болса ат үстінен қамшымен іліп алып, қоржынына сала береді екен.Бір жолы осы дағдысын Шортанбаймен жолсерік болғанда да қайталайды. Алғашқыда Тұрымның бұл қаретін Шортанбай «күйкі тірлік пе?» деп шүбәланады. Кештете бір байдың үйіне түседі. Сол күні бұлар келердің алдында жаңбыр жауып, жер ыбылыстанып, отын сусыңды болып қалады. От жаға алмай үй-іші әбігерленеді. Сонда Тұрым:-Ана даладағы менің қоржынымды алыңдар. Осы үйдегі жандардың берекесі жол-жөнекей мен іле кеткен шөпшекте жатыр,-десе керек. Тұрымның қоржынындағы отынды жағып, шынында үйдің іші мамыражай болып қалыпты. Сонда Шортанбай:-Апыр-ай, Тұрым, отының ат жалында жанатын, несібесі тосыннан табатын, ғайыптан алғыс алатын, көзге ілінбес, жұртқа білінбес керемет қасиетің бар екен ғой. Шөпшектің қасиеті-қызуында, жігіттің қасиеті- қынуында екені қысылтаяңда байқалады–ау,-депті.
|