Воскресенье, 07.12.2025, 06:37
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 26
Гостей: 26
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Сентябрь » 10 » Қосымша жұмыс табу қиын ба?
Қосымша жұмыс табу қиын ба?
10:11
Бұл кезде көп адам қосымша жұмыс қарастырып, уақытты тиімді пайдаланудың жолдарын іздей бастайды. Ендеше қосымша жұмыс табудың жолдары жайлы мына кеңестер кімге де болса керек деп ойлаймыз.
-Әрине қосымша жұмыстың негізгі міндетіңіз бен жауапкершілігіңізге кедергі келтірмегені жақсы. Олай болса жұмысты нақ осы бағыттан қарастырыңыз. Мүмкін, өзіңіз жұмыс жасайтын жерде қосымша табыс көзі табылып қалар. Бұл мәселені басшылықпен кеңесіп көріңіз.
-Қолыңыздан не келетінін ойланып көріңіз. Бұзылған техниканы жөндеу, үй ақтау да қосымша табыс көзіне жатады. Мұндай жұмысты демалыс күндері атқаруға әбден болады. Ал клиент табу қиын емес. Жүгіртпе жол, бір ғана сөйлемнен тұратын шағын хабарландыру ісіңіздің алға басуына сеп болатынына сеніңіз.
-Жұмыс тауып берумен айналысатын агенттермен хабарласып көріңіз. Оларға таңғы кешкі 18.00-ден және сенбі-жексенбі күндері атқаратын жұмыс керектігін айтсаңыз жеткілікті. Оларда жұмыс тізімі жеткілікті, солардың арасынан ыңғайыңызға келетінін таңдауыңызға болады.
-Ер адамдардың дос-жаран не таныстардан сауда орындары, басқа да коммерциялық нүктелердің түнгі кезекшілігін сұрастыруға болады. Мұндай кезекшілік көбіне үш күнде бір келеді. Яғни Сіз аптасына екі, кейде үш рет түнгі кезекшілікке түсу арқылы толыққанды жалақы ала аласыз.
-Әйелдер үшін желілік маркетингтегі косметика қосымша табыстың көзі болып табылады. Құрбыларына, әріптестеріне опа-далап, иіссу ұсынудың еш әбестігі жоқ.
-Студенттерге де жұмыс табу қиын емес. Жазда той-думан көбейеді. Сондайда бір немесе екі тойхана әкімшісімен келісіп, даяшы қызметін атқаруға болады. Ұялы телефон сататын дүңгіршіктерге де көбінесе жас жігіттер қажет болып жатады. Ендеше, бұл мүмкіндікті жіберіп алмаған жөн.
Қосымша жұмысты негізгі мамандыққа байланыстырып қана іздемеңіз. Бос уақытыңыз бен мүмкіндігіңіз, қолыңыздан келетін іс төңірегінде де ізденуге болады. Ендеше, іске сәт!
(«Керек кеңестер, № 22. 2011 ж»)  

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 923 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz