Жергілікті жерлерде төл дініміздің өркендеп, қанат жайуы көбінесе сол жерлердегі өңір басшыларына байланысты екендігі жасырын емес. Осы орайда, еліміздің шығысындағы оң өзгерістерді айта кетуді жөн деп білеміз.
ҚМДБ-ның Өскемен өңіріндегі өкілі, облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы Асановтың ұсынысын қабыл алған облыс басшылығының қолдауымен биыл екінші рет облыстық орталық мешітте Рамазан айында 30 күн бойына мұсылман жамағатына ауызашар берілетін болды.
Облыс басшылығы және облыстық мешіттің бас имамының екіжақты шешімімен ауызашар беретін жауапты адамдардың алдын ала тізімі жасалып, бекітілді.
Ауызашар беретін жауаптылардың арасында облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың өзі, қала басшысы, қала атқамінерлері және өңірімізге танымал кәсіпкер азаматтар бар.
ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
|