Воскресенье, 07.12.2025, 06:37
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 26
Гостей: 26
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Октябрь » 26 » ПРЕЗИДЕНТ БАРША МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫН ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ПРЕЗИДЕНТ БАРША МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫН ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
23:45
Нұрсұлтан Назарбаев барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Бұл - шын мәнінде, адамдар мен халықты біріктіретін, барлық мұсылман үшін ұлық мереке. Осы күні отбасы болып жиылып, бір-біріне қонаққа барып, жақын араласу дәстүрге айналған. Құрбан айтта әлемнің барша мұсылмандары шынайы ой-ниетімен Жаратқанға жақындай түседі. Ислам әрдайым ізгілікке үндейтін және шақыратын бейбіт дін саналады. Ол бөлінуге емес, бірігуге шақырады. Құранда мұсылман сөзімен де, ісімен де ешкімге зиянын тигізбеуі тиіс деп айтылған», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті қазақстандықтар тәуелсіздіктің арқасында дінге қайтадан бет бұрғанын атап көрсетті.
«Ислам бірнеше жүзжылдықтар бойына халқымыздың негізгі діні болып саналады. Республика егемендік алған уақыттан бері 2300-ден астам мешіт салынды. Бүгінде біз елімізді өркендетуге және әлемге кеңінен танытуға ұмтылып отырмыз. Барша қазақстандықтарға үміттері мен тілектерінің орындалуын, сондай-ақ елімізге өсіп-өркендеу мен береке-бірлік тілеймін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

muftyat.kz
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 888 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz