Воскресенье, 07.12.2025, 06:38
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 31
Гостей: 31
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Июнь » 14 » ӨР АЛТАЙДЫҢ ТІЛЕГІ
ӨР АЛТАЙДЫҢ ТІЛЕГІ
17:27
Өскемен орталық мешітінің баспасөз қызметі: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Серік Шәуенұлы Тәукебаев өзінің алғашқы жұмысын қала орталығынан құрылысы толықтай аяқталмаса да, күн санай бой көтерген Алланың үйінен бастады. Республика көлемінде үлкен ауқымды дәрежеде құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа мешіттің жұмысын жандандырып, қала кәсіпкерлерін мешітке жинады. Бірінші қабатында орналасқан мешіттің асхана бөлмесінен алғашқы ас беруді де ұйымдастырды. «Бұл мешіт халқымыздың имандылық ордасына айналуы керек және әрбір азамат осы қасиетті орынға шамасына қарай жәрдем беруі тиіс» деуімен қорытындылады. Аймақтық өкіл имам Нұрлан қажы Байжігітұлы жаңа мешіттің жұмыс барысын Бас Мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет жіті назарында ұстайтындығын айта келе, өр Алтайдың тілегі болған еңсе көтеретін бұл мешіт келешек ұрпаққа мирас әрі халықтың бірлігін ұйытатын киелі орынға айналатындығына сенім білдірді. Өткен жылы әр жұма намазынан кейін ұйымдастырылған «Асар» биылғы жылы да жалғасын табуда. Сонымен қатар, жиынға жиналған барша қала зиялылары мен кәсіпкерлері құрылыстың аяқталып, ел игілігіне берілуін аса тағатсыздана күтіп жүрген ниеттерін білдіре келе, бір ауыздан ат салысатындықтарын айтты. Бүгінгі таңға мешіттің құрылысы аяқталу үстінде. Расында, мешіттің бой көтеріп, бүгінгі күйіне жетуі, аяқталуына жақындауы бір Алланың қалауы, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қажырлы еңбегі, облыс мұсылмандарының тілегі, жомарт жандардың көмектері. Алланың зәулім мешіті биылғы жылы ел игілігіне тапсырылмақ. Көктемнің алғашқы шуақты күндерінің келуімен Шығыс елінің тілектеріне жету бағыты өз мәресіне жақындауда...

oskemen-meshiti.kz
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 827 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Июнь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz