ҚР Дін істері агенттігінің www.din.gov.kz ресми сайты өз қызметін бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Агенттіктің бұл ақпараттық порталында еліміздегі діни оқу орындарының қызметі, республикалық маңыздағы облыстар мен қалалардағы діни ахуал, тұрғындардан келіп түскен сауалдар және оларға берілген жауаптар, Сондай-ақ, Қазақстан аумағында қызметтеріне тыйым салынған лаңкестік және экстремистік, оккультті-мистикалық діни ұйымдардың тізімдері, сот шешіміне сәйкес тыйым салынған діни әдебиеттерге қатысты ақпараттар орналастырылған, - делінген хабарламада. muftyat.kz
|