Сұрақ: Біз өзіміз Өскеменнің шет жағында тұрамыз. Тегінде Марқакөл өңірінен келгенбіз. Сондықтан ба көп істерге жаңалық тыңдағандай қарайтынымыз, алдын-ала ойластыра жүретініміз бар. Мәселен, менің атам қажылық жасауға дайындалып жүргендерді естіп маған мынаны біліп беруді өтінді: «Биыл бара алмасам ендігі жылы барармын. Қандай құжаттар керек екенін білші»,-деді.Дәурен, Өскемен қаласы.
Жауап: Қажылыққа шақырған жарнамалар мешіттерде баршылық. Алайда қысқаша мән-жайы былай: Сапарға қажетті құжаттар-Кемдегенде 1 жыл жарамды төлқұжат (шетелдік паспорт);-4 дана 4х6 сурет (әйел кісілерге орамалмен түсу міндетті),-Менингітке қарсы халықаралық вакцинация сертификаты;-Қысқаша өмірбаян;-45 жастан жас әйелдерге махраммен арадағы туыстық қатынасты дәлелдейтін құжаттардың түп нұсқасы.
|