Воскресенье, 07.12.2025, 05:27
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2019 » Август » 6 » ШҚО: Өскемен өңірі имамдары жиналды
ШҚО: Өскемен өңірі имамдары жиналды
22:51

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының қала, аудан имамдарының жиналысы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің мәжіліс залында болды. Басқосуға өкілдікке қарасты қала, аудан имамдары қатысты.
Алқалы жиында алда келе жатқан Құрбан айтқа әзірлік мәселесі қаралып, өткен айда атқарылған шаралар қорытындыланды.
ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: «Келе жатқан Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде өткізу мәселесі тұр. Құрбан айттың қайырымдылық, мейірімділік мерекесі екендігін көрсетіп, мұқтаждарға, көпбалалы отбасыларға жан-жақты қайырымдылық көмегін көрсетуіміз керек. Құрбан айттың маңыздылығы кең көлемде насихатталу қажет»,- деді.
Жиында сонымен бірге «Халифа Алтай» мешітінде ашылып жатқан «Ислам мәдениеті және ұлттық дәстүр» мұражайына жәдігерлер жинау барысы, «Қазақ даласындағы Ислам айшығы» атты оқушылардың арасында жарияланған көркемсурет байқауы қатарлы мәселелер бойынша атқарылған істер сараланды.
Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясын кең ауқымды өрістетіп, тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға барынша басымдық беруді имамдарға міндет етті.
Қала, аудан имамдары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, пікір алмасты. Мешіт жанынан шаруашылық жұмысын дамыту туралы ұсыныстар айтылды. Жиында имамдарға «Иман» журналына жазылу, ЖАНТ кездесулерін ұйымдастыру қатарлы нақты тапсырмалар беріліп, жаңа міндеттер жүктелді.

muftyat.kz

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 454 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Август 2019  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz