ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің арнайы тапсырмасымен Діни басқарманың мешіт істері бөлімінің басшысы Жәнділлә Бекжігітов пен іс басқарушысы Ербосын Орын жұмыс сапарымен Өскеменде болды.
Сапар барысында олар Өскемен аймағына қарасты барлық мешіттердің құжаттарын тексеріп, сараптады.
Діни басқарманың бөлім басшысы мен іс басқарушысы аудан, қала имамдарымен кездесуінде мешіттер мен мешіт ғимараттары орналасқан жер телімдерінің құжаттары бүгінгі таңдағы басты назардағы мәселе екенін айтты. Осы бағыттағы жұмыстарды реттеуге байланысты ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің арнайы тапсырмасымен мешіттердің құжаттары мен мүлкін тексеру кезек күттірмейтін мәселе екенін ескертті.
Тексеруге ҚМДБ-ның Өскемен аймағына қарасты мешіттер дерліктей қатысып, құжатында кемшілігі бар мешіттердің құжаттарын реттуге арнайы мерзім белгіленді.
ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Діни басқарманың тексеру тобына бұл мәселе өз тарапыннан қадағаланатындығын айтып, құжаттарында олқылықтар бар аудан, қала мешіт имамдарына шектеулі уақыт ішінде олқылықтарды арылту туралы арнайы міндет жүктелді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
|