Главная » 2011»Октябрь»12 » Өскемен қаласындағы жаңа мешіттің құрылысын БАЭ қоры жалғастырады
Өскемен қаласындағы жаңа мешіттің құрылысын БАЭ қоры жалғастырады
13:49
Қала әкімі Ислам Әбішев дін қызметкерлері – ШҚО құзіретті имамдары Асанов Нұрлан қажы Байжігітұлымен және Орыс православ шіркеу округінің Өскемендік тақуасы Евгений әкемен (Яганов) кездесу өткізді. Әңгіме бейбітшілік, діндер бірлігі және таға басқа мәселелер жайлы болды. Кездесудің аяғында қала әкімі жаңа мешіттің ұзаққа созылған құрылысы осы жылдың аяғына дейін аяқталатыны туралы айтты. И. Әбішев Біріккен Араб Эмираттарының қорымен келісімге қол жеткізілгені туралы хабарлады. Бұл қор бүкіл әлемдегі мешіттердің құрылысына демеуші болып отыр. Жергілікті құрылысшылар қасбетін жасағаннан кейін араб қоры жұмыстарды бастайды. Жұмыс құны 3 миллионнан аса АҚШ доллары. Құлшылық ету үйі 2,5 мың адамды сыйдырады, және әйел адамдарға бөлек 200 орынды бөлме болады. Жанына 10 орынға қонақ үй салу жоспарланып отыр. Сәулетшілердің ойы бойынша Өскемендегі жаңа мешіт Астана мен алматыданы мешіттерден де үлкен болмақ. oskemen-meshiti.kz