ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфтидің тапсырмасымен имамдардың біліктілігін арттыру, діни басқарманың жасап жатқан шараларын халыққа насихаттау мақсатында республика бойынша барлық имамдармен діни қызметкерлерді діни басқарманың қабылдаған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ-ның қызметкерлерінің этикасы» және «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім беруді 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы» «ҚМДБ қызметін 2020 жылға дейінгі дамыту тұғырнамасы» қатарлы құжаттардан сынақтан өткізу тапсырылған болатын. Осы бағыттағы шаралар еліміздің шығысынан бастау алды. ҚМДБ-ның Өскемен аймағының имамдары мен молдалары Өскемен қаласындағы Шығыс Қазастан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде аттестациядан өтіп жатыр.
Өскеменге келген ҚМДБ-ның Діни істер бөлімінің басшысы К.Тұрдыбаев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары С.Шоқанов діни қызметкерлердің біліктілігі мен білімін сараптаудан өткізуде. Өңірге қарасты барлық мешіттердің имамдары мен молдалары, ұстаздары мен азаншылары Құран, шариғат , ақида фиқһ ілімдері мен қатар діни басқарма бекіткен құжаттардан сынақ тапсыруда.
«Имам-молдаларға қойылатын талап жыл сайын биіктеуде. Имамдарымыз бен барша діни қызметкерлеріміз жан-жақты білімді, болуы шарт. Олар Құран мен шариғат ақида фиқһдан тыс Діни басқарманың алты құжатын жеттік меңгеріп, сондағы талаптарға сай болуы тиіс. Білімділік пен біліктілік арқылы еліміздің бейбітшілігі мен ынтымағына үлес қосып, болашаққа терең із қалдыруымыз керек» деп атап өтті, сараптама комиссиясының мүшесі, ҚМДБ ның шариғат, пәтуа бөлімінің басшысының орынбасары Сансызбай қажы Құрбанұлы.
Өскемен өкілдігі сараптамаға тыңғылықты әзірлік жасап, жоғарғы деңгейде ұйымдастырып отыр.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
|