Денсаулық ата дініміз Исламда адам бойындағы ең басты байлық болып саналады. ҚМДБ ергілікті өкілдіктерге жалпы халықты қамтыған спорттық сауықтыру шараларын көптеп өткізуді міндет еткен болатын. Осы тапсырма аясында Өскемен аймағы өкілдігі қасиетті жұма күні шаңғы базасында жамағатты қамтыған бұқаралық шаңғы серуенін ұйымдастырды.
Серуен шарасына ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы, қалалық мешіттердің қызметкерлері мен жамағат қатысты.
Әуесқой шаңғышылар ақ қар бетіне қос жолақ із тастап табиғат аясында, таза ауада еркін тыныстады. Серуенге қатысушы жамғат арасында кішігірім шаңғы жарысы да ұйымдасытырылып, жеңімпаздар мен белсенділік танытқандарға сыйлықтар табыс етілді.
Шаңғы серуені жамағат атсалысқан көңілді демалыс болды. Осындай игі шара ұйымдастырғаны үшін жиналғандар өкілдікке риза болып тарқасты.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
|