ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарының кезекті жиналысы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.
Жиынды ашып сөз сөйлеген Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазанға байланысты Үндеуін оқып берді.
Бұдан соң өкіл имам: «Алдымызды қасиетті Рамазан айы тұр. Біз бұл айға тыңғылықты әзірлікпен, іскер жоспармен аттауымыз керек. Кеше ғана өткен Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының берген нақты тапсырмаларын нәтижелі орындауымыз керек» деп айырықша атап өтті.
Жиында өңір бойынша Рамазан айына дайындық мәселесі жан-жақты пысықталды. Аудан, қала имамдарына қасиетті айда сауапты істерді жүйелі ұйымдастыру, халықты бірлікке ұйытуда бастамашылдықпен жұмыс жасауды тапсырды.
Сонымен қатар өткен айлардағы өңір бойынша атқарылған шараларды қорытындылап, алдағы міндеттер талқыланды.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
|