ҚМДБ-ның Өскмен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Облыстық денешынықтыру сауықтыру спорт кешенінде» қалалық мешіттер арасында су добынан жарыс өтті.
Өңірде діни басқарманың тапсырмаларын жүзеге асыру, жастар арсында салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, мешіт жамағатының бірлігін арттыру бұл жолғы сайыстық басты мақсаты болды.
Сайысқа Өскемен қаласындағы облыстық «Халифа Алтай»мешіті, «Мухаммади» мешіті,«Защита» мешіті және «Өскемен орталық мешіті» жамағаттарынан төрт команда қатысып, су ішінде, қақпаға доп салып, ұтымды ойын көрсетіп, жиналған жанкүйерлерді риза етті.
Ойынға қатысушылар да су добын ойнауда кәсіби спортшылардан кем емес шеберлік көрсетіп, тартысты, қызықты ойнады.
Су добынан Өскемен мешіттері арасында алғаш рет өтіп отірған бұл сайысты тамашалаушылар қарасы да да көп болды
Сайыс қорытындысы бойынша «Өскемен орталық мешіті» бірінші орынды, облыстық «Халифа Алтай» мешіті екінші орынға ие болды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға өкілдік тарапынан сыйлықтар табыс етілді.
Осындай игі шараларды ұйымдастырған, қаладағы барлық мешіттерді жұмылдыра білген Өскемен аймағы өкілдігіне ойынға қатысушылар мен жанкүйерлер риза болып, алғыстарын білдіріп, спорттық шаралардың көптеп ұйымдастыруды ұсыныс етті.
Өкілдік тарапынан бұл жолғы су добы жарысын өткізуге қолдау білдіргені үшін облыстық спорт басқармасына және «Денешынықтыру, сауықтыру кешені» басшылығына алғыс айтылды.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
|