Өткен жылы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің бастамасымен республикалық имамдар форумында «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын» қабылдаған болатын.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі тұғырнаманың қабылданғанына 1 жыл толуына орай «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты аймақтық семинар ұйымдастырып өткізді.
Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің үлкен залында өткен семинарға ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы, Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының басшысы Манарбек Мұхамеджанов және осы басқарманың бөлім басшылары,қалалық мешіттердің бас имамдары мен молдалары, мешіт жамағаттары, қоғамдық ұйымдар өкілі, ақсақалдар кеңсінің мүшелерімен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиынды ашып сөз сөйлеген өкіл имам Ермек қажы Тасболатұлы: «ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің жетекшілігімен былтырғы жылы имамдар форумында Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы қабылданған. Бұл құжатта мұсылманнның бойында болуы тиіс асыл қасиеттер мен имандылық қағидалары ұлықталған. Ислам-адамгершіліктің асыл арнасы. Біз тұғырнаманы үздіксіз жан-жақты насихаттап келеміз. Бұл құжатта исламның барлық қағидалары жинақталып, ықшамды түрде жеткзілген. Бүгінгі алқалы жиын осы құжатты кеңінен насихаттауға бағытталды» деп атап өтті
Алқалы басқосуда облыстық дін істері басқармасының басшысы М.Мұхамеджанов «Ислам діні және бірлік» хақында баяндама жасады. Ол өз сөзінде ұлтаралық татулық пен діндер арасындағы түсіністіктегі исламның ролі туралы тереңнен баяндап өтті.
Сонымен қатар семинарда «Исламдағы жастар тәрбиесі» жайлы, «Ислам және әйелдерге құрмет», «Исламдағы ақсақалдар бейнесі» тақырыптарында баяндамалар жасалды. Жиынға қатысушылар сөз алып, тұғырнама хақында өз ой-пікір ұсыныстарын білдірді.
Жиында құнды ұсыныстар, мен ой саларлық пікірлер айтылып, тұғырнамадағы өзекті мәселелер талқыланды. «Бұл құжат жастар тәрбиесіне де ерекше ықпал етеді, бұл бағытта да облыстық, қалалық мешіттерден ұйымдастырылып жатқан шараларға әркез көңіліміз толады» деп, мешіт жамағаты Шәріпхан қажы өз ойын білдірді.
Жиынды соңында Құран оқылып, еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызмет
|