ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы ЖАНТ аясында Өскемен қаласындағы «Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж» студенттерімен кездесті.
Басқосуға аталған оқу орнының басшылығы мен оқытушылар тобы және студенттер қатысты.
Кездесуде өкіл имам студенттерге бүгінгі қоғамдағы басты мәселе болып отырған кері ағымдардың тарихы мен зардаптары туралы кеңінен айтып берді. Сонымен қатар кері ағымдардың таралуына тосқауыл қою, діни сауаттылықты арттырудың маңызына тоқталды. Танымдық маңызы терең әңгімені жастар қызыға тыңдады. Кездесуде жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, белсенді қатысты.
«Жастар тәрбиесі басты назардағы мәселе. Жастар отаншыл, иманды, білімді болып қалыптасу керек. Біз жастардың кері ағымдардға еріп адаспайтын діни сауаттылығының артуына, білімді болуына баса назар аударамыз. Жергілікті ақпараттық насихаттық топтың да негізгі мақсаты да осы» деп атап өтті, Ермек қажы Тасболатұлы.
Өскеменде барлық сатылы білім ордаларында кездесулер легі жалғаса бермек.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
|