Главная » 2012»Февраль»3 » ӨСКЕМЕНДЕ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
ӨСКЕМЕНДЕ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
23:57
Бүгін барша мұсылман қауымы қадір тұтатын Мәуліт айы, яғни Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күні басталды. Осы Мәулітке орай Өскемен қаласында алғаш рет ақындар айтысы ұйымдастырылды. Оған танымал айтыскер ақындар шақырылды. Мақсат – Мұхаммед пайғамбарды дәріптеп, жиналған жамағаттың діни сауаттылығын арттыру. Бұл шараға қаланың орталық мешіті бастамашы болды.