ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет кері ағымдардың алдын алу, насихат жұмысын жаңа форматпен тың бастамалар негізінде ұйымдастыруды әсіресе жастармен тығыз байланыс орнатып, діни сауаттылықты арттыруды тапсырған болатын.
Осы бағытта ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы және Дін істері басқармаларымен бірлескен арнайы жоспар жасап, қалалық және аудандық мектептерде кездесулер ұйымдастыра бастады.
Мұнда кездесулердің тақырыптар алдын ала жоғардағы мемлекеттік мекемелермен келісіліп, бекітілді. Жүздесуде жастарға білімнің пайдасы, ата-анаға құрмет, өмірге құштарлық, отанды сүю, адалдық қатарлы негізгі қасиеттер кездесудің өзекті тақырытары ретінде белгіленді.
Осы бағыт аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Зауатбек Сайлауұлы Өскемен қалалық № 15 білім ордасында болып, жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу жасады. Кездесуге оқушылар мен мұғалімдер қатысты. Кездесуде наиб имам оқушыларға ұстазға құрмет тақырыбында қызықты әңгіме өрбітті. Шәкірттерр имамға сұрақтарын қойып, жауап алды.
Сонымен қатар Осы мешіттің наиб имамы Досжан Үмбет және ұстаз Фатима Қабиевалар Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық лицей оқушыларымен, наиб имам Мади Абайұлы Өскемен қаласы №36 мектеп шәкірттерімен, «Өскемен орталық мешітінің» наиб имамы Сейт Айболат №45 мектептің оқушыларымен, мешіт ұстазы Ақзанбек Маушиан Өскемен қаласы №1 оқу ордасында, Өскемен қалалық «Мұхамади» мешітінің ұстазы Ерқанат Тұрымтайұлы Өскемен қалалық №27 мектепте болып, оқушыларға тағылымы мол салиқалы әңгіме айтты.
«ҚМДБ тапсырмасының негізінде ЖАНТ жұмысын жаңа белеске шығарып, үздіксіз жүргізуді өкіл имам барлық қала, аудан мешіттеріне міндет етті. Жастарды жат ағымдардан сақтандыруда маңызды қадам болғандықтан біз бұл бағыттағы жұмыстарды басты назарда ұстап, насихат жұмыстарын тыңғылықты ұйымдастырамыз» дейді З.Сайлауұлы.
Оқушыларға ғибратты әңгіме айтып, таным көкжиегін кеңейткені үшін имамдарға білім ордаларының басшылығы алғыс білдіруде.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
|