Воскресенье, 07.12.2025, 06:38
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 31
Гостей: 31
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2013 » Июнь » 7 » Тәкфіршілік – діни экстремизмнің қауіпті түрі
Тәкфіршілік – діни экстремизмнің қауіпті түрі
00:17
Жезқазған қаласының «С.Қожамқұлов» атындағы қазақ драма театрында 7-ші маусым қасиетті жұма күні ҚР діни істер агенттігі мен  Қарағанды облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тәкфіршілік – діни экстремизмнің қауіпті түрлерінің бірі» атты  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Коференцияға Қазақстан Республикасының Қарағанды облысының әкімінің орынбасары Бейсембай Жұмабеков, ҚР Дін істері Агенттігінің төрағасы Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлы, ҚМДБ-ның найб мүфтиі, Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы  Мәмбетбаев Қайрат Жолдыбайұлы, ҚМДБ-ның уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, теолог, (Ph.D) доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғаров, «Әл-Азһар» университеті Шариғат және құқықтану факультетінің профессоры, Египет Араб Республикасының Ислам істері жөніндегі Жоғарғы Кеңесі құқықтану және шариғат заңдары комитетінің төрағасы, доктор Махмуд Абдель Рахман, Кабул орталық мешітінің имамы, Кабул теология университетінің оқытушысы Мухаммад Аяз Ниязи, РФ Дағыстан Республикасы ар-ождан бостандығы, діни ұйымдармен өзара әрекеттесу жөніндегі комитет төрағасы Заргишиев Мурад Расильевич, Алматы қаласындағы «Нұр» Қазақ-египет Ислам университетінің оқытушысы, теология  ғылымының докторы Ясир Мухаммед, ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы  заңдылықты бақылау Департаменті бастығының орынбасары Сүйіндіков Нұрдәулет отандық және шетелдік сарапшылар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дінтанушы ғалымдар қатысты.
Жиынды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бейсембай Жұмабеков ашып, жүргізді.
Алқалы жиында діни экстремизмнің, оның ішінде тәкфіршіліктің алдын алу, оған қарсы әрекет етуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қазақ халқының рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және елдегі конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтудың тиімді жолдары мен тетіктері қаралды. Діни экстремизмнің қауіпті түрлерінің бірі – тәкфіршілік мәселесінің жиынға өзек болуының өзіндік себептері де бар.
Діни экстремизм сипатындағы бұл құбылыс ХХІ ғасырда кең етек ала бастады. Қазіргі күні оның ықпал ету аймағы ұлғайып, экстремистердің іс-қимыл аумағы өзгеріп отыр. Бастапқы кезеңде экстремистік топтардың әрекеттері мұсылман елдеріндегі шетелдік субъектілерге қарсы бағытталған болса, бүгінгі күні мұсылман қауымының өзі олардың нысанасына айналып отыр. Тәкфіршіліктің пайда болу тарихы мен оның негізгі сипаттары хақында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф баяндама жасады.
Исламның басқа да әлемдік діндер тәрізді өзіндік өмір сүру мәнері, пайымдау ерекшелігі, біртұтас өркениеттік негізі бар екендігін дәлелдеп жатудың өзі артық. Жүйелі сипатқа ие осынау ізгілікті дін мұсылман адамның әлеуметтік болмысын қалыптастыра отырып, оның тал бесіктен жер бесікке дейінгі аралықтағы өмір сүру мәнерін айқындайды. Өз кезегінде баяндама жасаған «Әзірет Сұлтан» мешітінің имамы, наиб мүфти Қайрат Жолдыбайұлы Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтау хатын жеткізді.
Конференцияда «әл-Азһар» университетінің шариғат және құқықтану факультетінің профессоры, Египеттің Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңесінің шариғат және құқықтану комитетінің төрағасы Махмуд Абдел Рахман, Ауғанстаннның астанасы Кабул қаласындағы орталық мешітінің имамы Мұхаммед Аяз Ниязи, Ресей Федерациясының Дагестан Республикасы діни ұйымдармен байланыс, ар-ождан бостандығы комитетінің төрағасы Мурад Заргишиевтың баяндамалары тыңдалды. Шетел ғалымдарының баяндамаларын аудармашы Нұрбол Тагаев мемлекеттік тілге тәржімалады.
Жиынға қатысушылар діни экстремизм мен терроризмнің осындай қауіпті түрі діни сауатсыздықтың, өз тарихын жоққа шығарудың ата-бабалардан жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ұстанбаудың тағы басқа келеңсіз факторлардың салдарынан елімізде бой көрсете бастағандығын тілге тиек етті. ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты бақылау департаменті бастығының орынбасары Нұрдәулет Сүйіндіков Елбасының биылғы «Қазақстан-2050» стртаегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында экстремизнің, радикализмнің, терроризмнің алдын алу турасында жүктеген міндеттерін жүзеге асыру мақсатында атқарылған шараларға тоқталды.
Негізгі баяндамалардан соң меймандар жиналған жұршылық тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап берді. Сұрақтардың дені Ислам діні, еліміздегі діни ахуал хақында өрбіді. Барлық сұрақтар қанағаттандырылған соң, конференция қатысушылары бір ауыздан үндеу қабылдап ортақ пікірге келді.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша өкілі, «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің бас имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы үндеудің мәтінімен таныстырып, мұсылмандарды арандатушылық айыптауларға сенбеуге, шынайы Ислам құндылықтарын басшылыққа алуға, адамның ақыл-ойын, санасын және іс-әрекетін шектеуге бағытталған іс-әрекеттерді исламның мақұлдамайтындығын есте сақтауға, Қазақстанның ең қымбат құндылығы Әбу Ханифа ілімін жалғастырушылардың идеяларына негізделген дәстүрлерді сақтау болып табылатындығын білуге, тәкфіршілікті заңды түрде әшкерелеуді ұсынуға, Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдениетін сақтап, дамыту жолындағы жұмысты одан әрі жалғастыруды ұсынуға шақырды.
«Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы
Жезқазған аймақтық мешітінің баспасөз қызметі.
muftyat.kz
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 939 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Июнь 2013  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz