Қыркүйек айы-сан салалы жұмыстардың қызатын шағы. Қысқа дайындық қызып, осалдардың іреніштері де сезіле бастайтын мезгіл. Бұған сәйкес ұлылар не дейді екен, ұлылар ұлағатына зейін қойыңыздар. Ұлылар ұлағаты 1. Денеңді өз жаныңның табытына айналдырма.
Пифагор.
2. Қарыз-құл болудың бастауы іспеттес. Тіпті одан да жаман. Себебі қарыз беруші ырыққа көнбейді. Ол сіздің тәніңізді ғана емес абыройыңызға да нұқсан келтіруден тайынбайды. Олай болса қарыз алуға құмартпа.
В. Гюго.
3. Жағдайыңды жақсартудан бұрын өзіңді жақсарт, қаланың істерін жақсартудан бұрын қаланың өзін жақсарт.
Сократ.
4. Егер тағдырыңыздың өзіңізге қарап күлімдегенін қаласаңыз, оған көтеріңкі көңіл-күй сыйлаңыз.
Спиноза.
5. Өзіңнің сөзіңді айтардан бұрын үш ақылды адаммен ақылдас, кеңес. Егер әлгілердің сөзімен сөзің сәйкес келіп жатса, онда сөзіңді кез келген жерде ұялмай айта беруіңе болады. Ал әлгілер келіспесе дымың ішіңде болсын.
Шыңғыс хан.
6. Екі дүниенің тыныштығын қаласаң, екі түрлі ережені есіңде ұста: достарыңа қайырымды, дұшпаныңа ұстамды бол.
8. Адамды қолыңдағы балғасы мен сырнайына қарап ағаш шебері немесе әнші деп айуға болады ма? Тура сол секілді жақсы сөйлеген адамды да ақылды деп ойлауға болмайды.
Эпиктет.
9. Егер табысқа қол жеткізгіңіз келсе, сырт көзге оған жетіп қойғандай болып көрініңіз.
Томас Мор.
10. Дұшпаныңнан жасырған сырыңды досыңа да айтпа. Онымен мәңгілік дос болуыңа кепіл бар ма?