Воскресенье, 07.12.2025, 06:41
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 31
Гостей: 31
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Июнь » 7 » Уайым-қайғыдан аулақ болайық
Уайым-қайғыдан аулақ болайық
08:14
Шекарашылардың қазалары қалың көпшілікпен бірге Шығыс Қазақстан жұртшылығын да қайғыртты.
Мәселен, Өскемен қаласындағы «Мұхамади» мешітіне келіп жүргендердің көпшілігі осындайлық ішкі ойларын ортаға шығарысып жатты. Өткен-кеткен жағдайларды еске алысып: «Алла Тағала, уайым-қайғыдан аулақ қыла гөр елді!» десті.
Ия, қайғы-зардан аулақ болып, іргеміз беки түссін дейміз біз де.
  Кенен Әзірбаев
«Базар-Назар»
(1928жыл)
Зарланасың, ақ ешкі, лағыңа,
Емшегіңнен емізген шырағыңа.
Кел, екеуміз қосылып бір жылайық,
Жетер ме екен Тәңірдің құлағына.

Қайырмасы:
Жалған, дүние-ай, салдың күйге,
Омырауымнан үзіліп түсті,
Екі түйме, ой, дүние!
Базарым-ай, Назарым-ай,
От басында күл шашарым,
Қарағым–ай, ой, дүние-ай!
Базарым-ай, Назарым-ай,
Қу шешектен болды сенің,
Ажалың-ай, ой, дүние-ай!

Бала деген адамға балдай екен,
Сөйлесе тәттілігі жалдай екен.
Арып-ашып алыстан келгеніңде,
Мойыныңа асылып алдайды екен.

Қайырмасы:

Мәтібұлақ жолымен ел өтеді,
Жалаң қабат шапаннан жел өтеді.
Керектігін баланың мен айтайын,
«Қу бас» десе біреудің сөзі өтеді.

Қайырмасы:

Мәтібұлақ жолымен ел көшеді,
Екі ағайын ұрысса «сен» деседі.
Ер жігіттің баласы өле берсе,
Жанып тұрған шырағы демде өшеді.

Қайырмасы:

Көштің көркі болмайды түйесі жоқ,
Таппай айтқан сөз жаман жүйесі жоқ.
Бірте-бірте баламды ала бердің,
Домбырамның қала ма иесі жоқ.

Қайырмасы:

Ешкі қандай байқасаң, лақ қандай,
Лақ ойнап тезекті құлатқандай.
Көптің көңілін көп ашқан бұлбұл едім,
Мен жаздым Тәңірге жылатқандай.

Қайырмасы:
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 838 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Июнь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz