«Шығыстың аялы алақаны» атты қайырымдылық іс-шара аясында облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Асановтың бастамасымен көпбалалы анаға кезекті көмек жасалынды.
Қайырымдылық іс-шараларын жиі өткізу, қамқорлық акцияларын ұйымдастыру – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының үстіміздегі жылы аймақтардағы өкілдіктерге тапсырған тапсырмаларының бірінен саналады. Осы бағытта облыстық мешіт тарапынан жыл басынан бері бірқатар қайырымдылық шаралар жасалынды, әлі де жалғасын тауып келеді.
Осыдан біраз бұрын балаларын жалғыз асырап отырған Әсел Түсіпбаева деген көпбалалы ана балаларының мектепке бара алмай отырғандығын айтып, мешітімізге өтінішпен келген еді. Жұма намазына жиналған жамағат алдында мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы сол балаларды: Санжар, Мақпал, Ажар, Камила Төлегеновтарды арнайы шақыртып, аналарының өтініштері орындалғанын, мешіт тарапынан төрт балаға толықтай қыстық киімкешек алынғанын жеткізді.
Балаларға арнайы алынған қыстық киімдерді өңірімізде іссапармен жүрген ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары РАНТ мүшесі Сансызбай Шоқанов табыс етті.
«Қуантсаң, баланы қуант!» демекші, алдағы уақытта қайырымдылық мақсаттағы іс-шаралар жалғасын таба бермек.
ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
|