Воскресенье, 07.12.2025, 06:33
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 13
Гостей: 13
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2013 » Август » 31 » Ырысың алға бассын имам-аға!!!
Ырысың алға бассын имам-аға!!!
09:26
Жақсының жақсылығын айт...
«Жақсының жақсылығын айт ырысы тасысын»-дейді атам қазақ. Иә, бұл өткінші пәниде бір-бірімізге жақсылық жасап, құлағанға сүйеу болып, сүрінгенді демемесек несіне өмір сүрдім деп мақтана аламыз. Өмірдің заңдылығы сол ақ пен қара қатар жүруінде екен. 2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында құлаған Ан-72 әскери ұшақта менің жан ағам Қожахметов Бауыржан Зарқымұлы да бар еді. Қасқағым сәтте өткен ғұмыр, жүрегім егіле тетелес ағамды тетелес ағамды ахыретке қимай жүргенімде, «жығылғанға жұдырық»-демекші күйеуім қайғыма қарамай, қыс іші төрт баламмен үйімнен «кет»-деп қуып шығып, айдалада ойым сан-түрлі болып меңзеліп қала бердім.  Кімге, қайда барарымды білмей «әйелдің жаны нәзік, әйелдің жолы жіңішке»-деген нақыл сөздер, менің де әйел ретінде басымнан өткен қыстауларыма дәл келгендей, өмірдің сынақтарына қайсарлық көрсете, беріспеуді қаладым. Жанашыр ағамнан айырылып іштей: «Иә, Аллам жылқышыға жыр қылып, қойшыға қор қыла көрме»-деп жалбарына сұрадым.
«Мұсылман мұсылманға бауыр» -деген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) салихалы хадисі, басыма төнген қиыншылықта демеу бола білген Асыл ағамыз, Ардақты Ибрагим қажыға дән ризалығымды жеткізгім келеді.
2010 жылы «Мұхамади» мешітінде ұстаздық қызметімнің бастауын алып, күні бүгінге дейін сол мамандығымды жалғастырып, халқымызға әсіресе әйелдер жамағатына мейірімді Ислам дінінің кәусәрдай бұлағын, білім арқылы Алланың ризалығы үшін жеткізудемін. Білімімді, көп балалы ана ретіндегі дәрежемді құрметтеп қиындықтарыма қамқоршы аға ретінде қол соза білген Ибрагим қажы, биылғы қыста өткен сынақтарыма да бей-жәй қарамай, адал-имам ретінде жылап жүрген қарындасын «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» демей білді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім бір мұсылман бауырының қиындығына жәрдем ете білсе, Алла Тағала оның бұл дүние мен ахиреттегі жәрдемшісі болады»-деген хадисінің иесі бола білген Имам ағамыздың, үнемі айналасындағы адамдардың көңілінен шығарлықтай жылы сөз сөйлеуі, қиналғанның мұңын түсіне білеуі, әрине біздің жүрегімізді қуантарлық.
Дәрісіме келген шәкірт апайдың: «Шығыс халқы имандылық жолын үйренудегі себепкер Ибрагим қажыға қарыздар. Ол кісінің біздің өлкемізге Ислам дінінің қайнар білімін алғаш жайған адамдардан десек қателеспейміз»-деген сөзінің өзі, қаншама жылдар туған жерінен дін үшін мекен ауыстырған ағамызға: «Аға, сіздей қамқор имамдарымыз барда, халқымыздың имандылығы артылар, сіздің еңбегіңізге, әсіресе әйелдер жамағатына көрсетіп жатқан жақсылықтарыңызға біздер әйелдер жамағаты куәміз және ризамыз. Сізге Алла Тағала риза болсын. Ертең Алла Тағала нәсіп етсе маһшар күнінде, Жаратушы бір Алла Тағаланың алдында сіздің көптеген игі амалдарыңыздың куәгері боларымызды нәсіп қылғай!!!»
Және де ұстаздық тілеуім «Ырысың алға бассын, имам-аға!!!»
Талшын Зарқымқызы
Өскемен қаласы
«Мұхамади» мешіті, әйелдер ұстазы.

(«Ислам нұры» №16 (305) 15-31 тамыз, 2013 жыл)

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 825 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Август 2013  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz