Осы айдың басында қалың жұртшылықтың ойын толғандырар қариялар күні, мұғалімдерге арналған күн сынды атаулы шақтарымыз бар. Оларды құттықтай отырып, атақты ақын, жазушыларымыздың шағармаларынан үзінділер ұсынамыз. Оның бірі ұлы жазушымыз, атақты ұстаз Мұхтар Әуезовке арналыпты, екіншісі де елеңдетпей, ойлантпай қоймайды.Қадыр Мырза Әлі«Өмір шіркін...»
Өмір шіркін мұндай қиын болар ма!Қартыңды алар тағдыр сені тонарда.Қайғырсақ та,Қуансақ та,«Қайттік?»-деп,Алдыменен жүгіреміз соларға.Балдырғандар болса мейрам-мерекеңҚариялар тіршіліктің тері екен.Бірер күнге кетіп қалса қарттарыңБолады екен кеткендей бір берекең.Көр олардың бізге қояр талабы,Тасыдың ба,Тәубеңді еске салады.Үйді айтасың, Үйің түгіл ауылда даҚариясыз ауыл болмай қалады.Аумаса деп төбемізден нұрлы күн,Ойлайды олар бүкіл ауыл бірлігін.Ауырдың ба?Бұршақ салып мойнынаТілейтіні сенің ғана тірлігің!Асқар таулар оңайлықпен шөкпейді.Біздің көрер қызығымыз көп дейді.Олар бардаАжал екеш ажал да,КейінгігеБір сүрінбей жетпейді. Оразақын АсқарҰлы ұстаз
О, Мұха! Бір мереке сіздің сабақ,Асыға күтуші едік біз күн санап.Қашан деп хабарласып үлкендер де,Жастар да жағалайтын жаңа талап.Болмайтын кешігетін, қашатындар,Жан-жақтан жабыла есік ашатын бар.Кететін бізбен бірге студент боп,Шын ғалым, нағыз сыншы, жас ақындар.Өзге курс тіпті басқа факультеттен,Ұл, қыз бар сабақтарын тастап кеткен.Өзге оқу орнынан келген де көп,Қалуға бір кездесіп алғы шеппен.Тар болып аудитория түгіл зал да,Екі адам бір орынға сығылғанда,Жететін «келе жатыр» деген хабар,Тыйым сап дереу қыбыр, сыбырларға.Жалғасы бар...
|