Воскресенье, 07.12.2025, 06:41
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 30
Гостей: 30
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Октябрь » 2 » Жүректер «соғысы»
Жүректер «соғысы»
09:19
Ұлы ұстаз
Жалғасы...
Қабдолов, Сармурзина қасыңызда,
Сай емес, сергектік пен жасыңызға,
Бір жақты бетке ап келе жатасыз сіз,
Үйіріліп күміс сағым шашыңызға.

Жүргендей сізге ілесіп тәртіп біткен,
Бір минут кезіміз жоқ артық күткен,
Есіктен кіре бере дәріс бастап,
Шежіре шертетінсіз тартып түптен.

Болсайшы пікірдің бір ұсақтары,
Ғасыр, жыл, қаншама жер, кісі аттары,
Сенімді ретімен айтылатын,
Бейне сіз бастан кешкенге ұқсап бәрі.

Үй толы өзіңізге қарайды арман,
Бөгеліс болсайшы бір сәл ойланған.
Апыр-ау, қыруар іс, қилы оқиға
Жатталып жадыңызда қалай қалған.

Армансыз көріп, тыңдап кемеңгерді,
Біздің де ой-санамыз кемелденді.
Үш жылда бір де сізден естімеппіз,
«Білмеймін», «есімде жоқ» дегендерді.

Тапқандай көп тыңдауға бірде себеп,
Деп ойлап істерді ұзақ жүрмес елеп,
Тілеуші ек лекцияның созылғанын
Толғанын уақыттың білмесе деп.

Я жетпей, не артылып сөз қалған ба,
Естіген құлақ, көрген көз де арман да.
Сезгендей қоңырау да соғылатын
Сіз тұрып орныңыздан қозғалғанда.

Санамыз жол таппаған сан адасып,
Пердесін күңгірт  жайдың алады ашып.
Көбейіп демалысқа шығатынбыз
Бейтаныс аға, інімен араласып.

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 792 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz