Атаулы жолда шәкірттер, студенттер-жалпы оқушы қауым ой-толғаныстары аз болмайтыны әйгілі. Осыған орай сіздердің назарларыңызға экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мырзагелді Кемелдің «Ақыл қалта» атты шығармасынан үзінді ұсынғанды жөн көрдік.
М. Кемел.Білім
Білім адамның ішінен шығатын нәрсе емес, сырттан келетін нәрсе. Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келгенмен тең. «Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтан да білім-күш»,-депті ағылшын философы Френсис Бэкон.Өзен қайтсе үлкейеді? Өзіне келіп құйған бұлақтардың бәрін қабылдай берсе. Білімділік те солай, құр оқып қана қоймай, бойыңа сіңіре білсең ғана, білімдар боласың.7 ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әлінің / Әбу Әли ибн Әбу Талиб / ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған, олардың бәрі Әзірет Әліге бір сұрақ: «Білім артық па, байлық артық па?»,-деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі сұрақтарға былай деген екен:1. Білім артық, өйткені ол пайғамбарлардан қалған мирас, байлық бақылдардан қалған мұра.Жалғасы бар...
|