Воскресенье, 07.12.2025, 06:38
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 31
Гостей: 31
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Октябрь » 6 » Жақсының жақсылығын айт...
Жақсының жақсылығын айт...
08:17
Кенді Алтайға исламның шуағын әкелген
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы 50 жаста
Осыдан дәл жиырма екі жыл бұрын Ибрагим қажы Қарнақбайұлы Шығыс өңіріне Бас имам болып тағайындалған кезде, облыс орталығында мұсылман қауымы бас қосатын мешіт үйі де болмады. Басында баспанасы жоқ жас имам ұлтжанды азаматтарды маңына топтастырып, көпті көрген ақсақалдардың кеңесіне сүйеніп, Кенді Алтай өңіріне кенже қалған дінімізді насихаттап, осы аймаққа Ислам дінінің нұрын шашты десек артық айтқандық болмас.
-Алғашқы кезде намазды пәтерімнің бір бөлмесіне оқыдық. Онан кейін бірнеше мешіт үйін ауыстырып, талай қиындықтарды бастан кешірдік,-дейді Ибрагим қажы Қарнақбайұлы сөз арасында.
Сол кездегі облыс басшылары жас имамның мешіт ашу жөніндегі бастамасын жүре тыңдап, көп көңіл бөлмеді. Кейіннен облыс әкім болып тағайындалған ұлтжанды азамат Қажымұрат Нағманов қаланың дәл ортасында орналасқан ғимараттан мешіт ашып, ел алғысына бөленді.
Әрдайым жүзінен имамдылық, жылылық сезіліп тұратын Ибрагим қажы: «Алғашқы жылдары ақсақалдардың қамқорлығын көп сезіндім. Сол кісілер маған әрдайым ақыл-кеңес беріп, бірге жүретін. Осының өзі жауапты істі қолға алған адамға үлкен тірек екен»,-дейді.
Бұхар қаласында «Мир-Араб» медресесінде 7 жыл оқып, кейіннен шежірелі Мысыр еліндегі әйгілі «Әл-Азһар» университетінде білімін шыңдаған Ибрагим қажы әрдайым білімге ерекше көңіл бөліп айналасына білімге құштар жастарды көбірек тартты.
Жалғасы бар...
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 968 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz