Қазақ қауымы арасында осы құрбан айттан бір күн бұрын ата-бабаларының аруағына арнап мал сойып, "шек беретін" салт болған. Бұл қазақтың ата-бабалар аруағына сыйынатын бұрынғы салтының сарқыншағы еді, ол кейін келе құрбан айтқа қосылып кеткен. Құрбан айттың төркіні діни нанымнан туғанымен, кейін келе қазақтың ұлттық бұқаралық мейрамына айналған.
Б. Қожабекова