Қол мен саусақтардағы қан айналымын жақсарту жаттығуы:
Қолдарыңызды алға созыңыз, көкіректі алға созып ұстаңыз, саусақтарыңызды бос ұстаған күйде сілкіңіз. Осылайша 15 рет жасаңыз. Сосын қолыңызды қатты жұдырықтап, босатып жібересіз. Қолды жазған кезде саусақтарды кеңірек жайыңыз.
Жел диірмені.
А. Қолдарыңызды алға, жоғары, артқа айналдырасыз. Бірте-бірте жылдамдата түсесіз. Бірінші күндері 10 рет, одан соң бірте бірте 50-ге жеткізіңіз.
Б. Қолдарыңызды керісінше айналдырасыз..
Құрылысшы. Қолдарыңызды иық деңгейінде екі жаққа созыңыз. Оң қолыңызбен сол иықты ұрып, сол иығыңызбен оң иықты ұрасыз. Әр ұрған кезде көкірегіңізді алға қарай шығарып, бастапқы қалыпқа келесіз. Жылдам жасау қажет. Алғашқы күндері жаттығуды 10 рет жасап, кейін 50 ге дейін өсіресіз.
|