Жауап: Құрбандыққа шалынатын малды қинамау үшін өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдына жалақтатып, қайрау-мәкрүһ. Ал қинамай сою-сүннет. Алла Елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді: "Малды қинамай бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздасын". Малды құбылаға қарай жатқызып, дұға ретінде мына аят оқылады: "Инна салати уа нусуки уа махиа-иа уа мәмәти лилләһи Раббил аламина лә шәрика ләһ ("Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Алла үшін. Оның еш серігі жоқ"). Одан кейін: "Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллаллаһу, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһилхамд"-деп, тәкбір айтып, "Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар" деп бауыздайды. Мал құрбандық ниетімен бауыздалуы керек. Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру-
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Мойынның екі жағындағы қан тамыры, тамағындағы жұтқыншақ пен кеңірдегі. Бұлар кесіліп, қан жақсылап аққан соң және жануардың жаны толық шыққан соң жұлыны кесіледі.
|
«Иа, Рабби! Ниет еттім ризалығың үшін құрбандық шалуға. Мына денем саған қарсы сондай қате, сондай күнә жасады, кешірілуім үшін саған осы денемді құрбан етуім керек. Сенің шариғатыңда адам құрбандық шалуды харам еткендігіңнен денемнің орнына осы малды союдамың, қабыл ала көр деп ниеттенгеннен соң үш мәрте тәкбір айтылады. Яғни «Аллаһу Әкбар Аллаһу Әкбар Лә Иләһә иллалаһу Аллаһу Әкбар Аллаһу Әкбар уалилләһил хамд» деп «Бисмилләһи Аллаһу Әкбар» деп құрбандық бауыздалады. Одан кейін 2-рекғат шүкір намазы оқылады.
|
Қой, ешкі, сиыр, енеке және түйе. Бұлардың еркек және ұрғашысы құрбандыққа жарайды, осымен бірге қойдың еркегін құрбандыққа шалу анағұрлым абзал. Ешкінің, түйенің және сиырдың еркегімен ұрғашысының құны бірдей болса, ұрғашыларын құрбандыққа шалу анағұрлым абзалырақ.
|
Құрбан айтының бірінші, екінші, үшінші күндері. Айт намазы оқылғаннан кейін шалынады, бірінші күні шалу өте абзал. Түнде құрбан шалу мәкруһ.
|
Ханафи мәсхабына қарай: Азат, кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, сапарда болмаған және нисап өлшемі малы бар әрбір ауқатты мұсылманға құрбан шалу уәжіп. Әйтеуір бір жолмен ол құрбан ақшасының шығатынын Аллаһ достары, ғалымдар баяндап кеткен.
| |