2010 жылдың ақпан айында қызым маған бір қорап шырын мен сынап көруге үлгілер салып жіберіпті, күніне 3 рет 30 мл-ден шырын және міндетті түрде 2-3 литр су ішу керек деп ескертті. Ол кезде менің бойымда жиналған ауру-сырқаудың түрі көп болатын. Қант диабеті, жоғары қан қысымы, артық салмақ, нашар ұйқы-осылардың салдарынан күндіз тез шаршайтынмын, жалпы дімкәстік белең алатын. Қызым міндетті түрде шырын ішуімді талап етті, өзі қадағалайтын болды. «Денсаулығың үшін өте маңызды»,-дейді. Мен күніне үш рет 30 мл-ден шырын іше бастадым. Алғашында қайта-қайта ұйқым келе беретін, кейін ала бойымда бір жеңілдіктің пайда болғанын сезіндім. Асқазан-ішек жолдарының қызметі жақсарды, ұйқым қанып тұратын болдым, бұрын ұйқысыздықтан қалжыраушы едім. Қанттың мөлшері 16-18-ден түсті, қазір 7-8-ден аспайтын болды!!! Қан қысымым да қыз баланікіндей қалыпты күйде-120/80. Өзім мұндай нәтижелерді көріп, таңғалып жүрмін, дәрі-дәрмек ішуді күннен күнге азайтып жатқаныма қуанамын.
Шабалина Ольга, 51 жаста, Барнауыл қаласы («Емші» №9 2013ж)
|