Тағы да артта қалып тастанды қыр,
Тағы да қайталанып аққан дүбір,
Сайланып сонау жылы сары күзде
Ауылдан Алматыға аттанды ұл...
Ұл еді тағдырына көктен қарар,
Ол жақтан білінбей тұр көптен хабар.
Бір міні тым сенгіштін...
(кім біліпті?).
Сенімді аяқ асты еткен де бар.
Орман ой талабына от тілетер,
Демегей –маңдай терін төкті бекер,
Тапты да іздегенін нән қаладан,
Көздеген мақсатына жетті ме екен?
Әйтеуір, ел үміті ескермеді,
Әзірге жаманаты естілмеді.
«Керемет тарту етем де-
дейтін еді-
Ойымнан шықпай қойған ес білгелі».
Жазмыштың жайлы тиген заңы кімге,
Самал жел, сарыуайым сарының не?
Айта сал амандығын-
Тосып жүр кейуана әлі күнге.
Қашан да ойлылардың байлығы-мұң,
Көзге ыстық еске алсаң да қай қылығын.
Көңілі бостау еді сол баланың
Қасынан қаша алмайтын қайғылының.
Қайғының қара тастай салмағы бар,
Қой, оның бетін аулақ, жан бағылар.
Арына кір жұқтырмай кетіп еді,
Алдауға үйретпесе сондағылар.
|