Ет етке, сорпа бетке.
Қазаныңа не салсаң, Шөмішіңе сол ілінер.
Жазғы етте жасық жоқ, Қымыз аста қасық жоқ.
Ертеңгі асты тастама, Кешкі асқа қарама!
Ашаршылықта жеген Құйқаның дәмі кетпес.
Қамысты жаққанменен Шоғы болмас, Көк суды ішкенменен Тоғы болмас.
Жиен ел болмас, Желке ас болмас.
Жиен ел болар, Жайы болса. Желке ас болар Майы болса.
Есек мінген ат сұрамайды, Балық жеген ет сұрамайды.
Тас-тасты жібітетін ас.
Жылқының етін жесең Тісіңе кіреді, Жемесең түсіңе кіреді.
Ақша қарда көп жүрсең, Көзің бір күн қарығар, Алыс жерде көп жүрсең, Көңлің бір күн тарығар.
Ауру батпандап кіріп, Мысқылдап шығады.
Көзің ауырса, көзіңді тый. Ішің ауырса, аузыңды тый.
Елемеген ауру жаман, Ескермеген дау жаман.
|