Кезінде егілген кезінде көктейді.
Таздан тарақ сарама.
Қонақ татқан сыбағадан қожайын да татады.
Халық қарғаған ағаш семіп қалады.
Қадала қарасаң, сүттен де қара табылар.
Соятын өгізді де суға қандырып сой.
Қартайған ағашты құрт басады.
Тұғырдан құлағанды тұлпарға мінгізбе.
Бауыры жоқ бағананы құшақтайды.
Тапалдың қолы жетпепті, Ұзынтұра иілмепті.
Ақымақ балташы орманға кірсе, ағаш біткен қалтырайды.
Молланың куәсі-мәзін (азаншы).
Өмірі жаманның өлімі де жаман.
Ит үш аунамай жатпайды.
Сиыр сойылған жерде Серке де сойылады.
Екі ергежейлі кең дүниеге сыймапты.
|