Қадірменді оқушылар! Жаңа оқу жылы қарсаңында үлкен-кішіге бірдей пайдалы білім туралы ұлылар ұлағаттарына назарларыңызды салыңыздар. Ақыл қайда болса, ұлылық толады, Білім кімде, сол білікті болады.
Жүсіп Баласағұни.
Білім-ақылдың көркі.
«Бабурнама».
Іс-әрекет надандықты жоймайды, өйткені ол екеуінің арасында қайшылық жоқ. Тек білім ғана жарықтың түнекті қуатыны секілді, надандықты құртады.
Ежелгі үнді нақылы.
Білмеген масқара емес, білгісі келмеу ұяттырақ.
Сократ.
Білімдінің сөзімен бұзу оңай торды да, Ақыл сөзді сіңірсең, жоғалмайтын-сол мұра!
Махмұд Қашқари.
Білім мен даналық-адам көркі.
Әлшер Науаи.
Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет.
Шоқан Уәлиханов.
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім.
Мұхтар Әуезов.
Бойыңда білімің бар екен, одан басқалар да өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғызыңыз.
Томас Фуллер.
|