Ерден бидің ауылы Қаракеңгір өзенінің бойында отырғанда оған атақты Орынбай ақын барыпты. Ерден ақынға зор құрмет көрсетіп, күтіп, көп өлең айтқызады. Орынбай сонда Ерден батырға былай деп өлеңдетіп сәлемдеседі:Ассалаумағалейкум батыр Ерден,
Кетіпті бақ-дәулетің асып елден.
Ішінде көп қарғаның бір бүркіттей,
Көзіме көрінесің келген жерден.
Сұңқардың екі мұртың жебесіндей,
Ақылың оман дария кемесіндей.
Сұрасаң биіктігің мен айтайын,
Күн шалған Алатаудың төбесіндей.
Иілмес қарағайдай терегімсің,
Ақылдың көз жеткісіз зерегісің.
Қазақтың қазақ исі бар шағыңда,
Алаштың баласына керегімсің.
Есілдің ұзын бойын жүрдің жайлап,
Жібектей шалғынына бие байлап.
Керек бай, керек жарлы келсе мейман,
Алдынан шығушы елдің қойың байлап.
Елге кек, жұртқа намыс іс келгенде,
Жақұттай жанушы едің көзің жайнап.
Уа, Ерден енді тумас сендей көзел,
Ішінен Бағаналы селдей қайнап-...