Жаңажылдық «тостар»
Өмір бақи сүрініп, құлап, жылап жүрулеріңізге тілестеспін... бірақ, сүрінгенде-мол ақшаға сүрініңіздер, құлағанда қап-қап ақшағаның үстіне құлаңыздар, жылағанда бақыттан яғни бақыт құшағына кіріп жылаңыздар!Сіздердің тыйын-тебен салатын әмияндеріңіз ұдайы жүкті яғни екіқабат болып жүрсін және олардың «түсік» тастайтын хаупі, жағдайы болмасын!Сұлы
Біреу есіктің қоңырауын шылдырлатып тұрған соң үй иесі ашты, ашса төмендегі көршісі екен. Жанында үлкен қабы тұр.-Ия, не шаруамен келдіңіз, айта беріңіз,-деді бұл. Анау:-Сіздерге бір қап сұлы әкелдім,-дейді. -Оны не қылам?-Үйлеріңізден күндіз-түні дүңкіл-дүңкіл топыр естіледі. Арғымақтарыңызға беріңіз, ашығып қалмасын дегенім ғой...Екінші қоңырау
Телефон шылдырап болмады. Екінші рет соғылғанда әйел алды. Енесі екен:-Жаңа сұрамай ұмытып кетіппін. Менің ұлымның жағдайы қалай?-деді.-Қалай десем екен... Арақ іше береді. Басқа қатындарға жүгіргенін қоймай жүр... Оның үстіне мені соғады...-Құдайға шүкір де! Тек ауырып қалмасын, құлыным...Саяжай
-Саяжай сатып алдым. Кішкентай үйшігі бар. Бір сотық жері бар.-Не деп тұрсың?!-«Дача» сатып алдым деймін. Ұқпай тұрмысың?-Ойбай-ау, ұқпайтын несі бар?! Бірақ, оның тым шағын екен. Жерін жыртып, бірдеңе салып, ала да алмайсың ғой?!-Сол үшін алдым емес пе? Күндіз-түні тырбаңбап жүргенше, барам да жатам шалқайып!..
|