Тартымды дәм
Арықтағысы келген адамдарға «тартымды дәм» аталатын амал табылыпты: олар артық тамақ ішпес үшін, әрі ойлансын деген болуы керек, тоңазытқыштарының есігіне ауырырақ кірпіштер байлап қойғаны дұрыс деседі, мамандар.Қорқыныш
-Немене, қорқыңқырап дірілдеп тұрсың?!-Әйелім үйде жоқ еді...-Ойбай-ау, мұндайға селт етпеуші едің ғой?-Менің мәшинемді мініп кетіпті. Астан-кестеңін шығарып қиратып келе ме деп шошынып тұрмын...
Пайдалы кеңес
Еш нәрсені ертеңгі күнге қалдырма, сонан кейінгі күні істеймін деп ұйғар. Сонда екі күн қатарынан боссың. Сандалып жүрсең де, не істеймін десең де еркің...Қуаныш
«УЗИ-ге» түсіпті, сон-соң нәтижесін көріп: «енді үйлену тойы болатын шығар» деп қуанып отыр бойжеткен.Сауал
Түн ортасынан ауған, тәтті ұйқы мезгілі шағында біреу қайта-қайта телефон қоңыраулатып болмады. Үй иесі алып, еріксіз тыңдады.Ана жақтағы кісі сұрақты үсті-үстіне қойып жатыр:-Бұл кім екен?-Үй иесі ғой...-Сіздер осы уақытта ылғи үйлеріңізде боласыздар ма?-Ия! Қонаққа кетпесек аса бір шаруалар болмаса, ылғи үйдеміз... Бұл кім өзі?! Бірдеңе болып қалды ма?!-Жоқ!.. Жай ештеңе болған жоқ. Әншейін телефон шалғаным ғой... Әлеуметтік сауал яғни «социлогический опрос» қой...-«Қойыңмен» бірге құры!..
|