Пайдалы кеңес
Егер Сіздің ішіңіз өтіп жүрсе, тамыр-таныстарыңыз молынан топталған жиналыстарда жөтеле көрмеңіз, өйтсеңіз, төңірегіңіздегілер жан-жаққа қаша жөнелуі әбден мүмкін.
Табан ауданы
География пәнінің мұғалімі дәрігерге келеді. Дәрігер:
-Қай жеріңіз ауырады?-деп сұрайды.
-Аяғым.
-Оның қай жері?
-Өкшемнің солтүстік шығысына қарай.
Кейде кешіккенде дұрыс екен
Жедел мәшинелердің кейде кешігіп келгендері де дұрыс көрінеді. Мұндайда науқас диагнозын (ауруын) дәрігерлер анықтап тұрып жазып бере алатын секілді.
Пара
Пара алу дегеніңіз адамның ішкі дүниесін төмендетіп-ақ жібереді, ия, егер де оның мөлшері мардымсыз болса...
|