Сұрақ:Менің досымда экзама бар денесінде. Күлдіреулер пайда болып, жұмыс жасаған кезде олар жарылып, жараға айналып көп қиындықтар келтіреді. Көмек берсеңіздер екен. Смагулова Анар Бозанбай ауылы
Жауап:
Бірдей көлемдегі 3 стақанның біреуіне шикі жұмыртқаны жарып, екіншісіне су, үшіншісіне сіркесуын құямыз да, сонан соң үшеуін 250 грамдық банкіге қосып, аузын қақпақпен жауып, ақшыл сары түсті қоймалжың зат пайда болғанша, қатты шайқаймыз.Қолданылуы: Күнделікті кешкісін осы жағындыны жатар алдында жараға жұқалап жағып, шүберекпен орап жату керек. Таңертегісін жумаймыз. Кешкісін сабынсыз жуып, тағы да жағындыны жағамыз. Басында ескі тері қабыршықтанып, орнына жаңа жас тері пайда болады. Бұл емді жара кеткенше қолдану керек. Дертке дауа болсын!
|