Ел ішінде адам бол,
Ит ішінде арлан бол.
Құс қосағымен ұя салады.
Мүсәпірдің баласы,
Мықты болып өседі.
Байғұс тигенін жейді,
Бай сүйгенін жейді.
Жөтелгені-қарттың күлгені.
Жаман сөз қанша болса,
Жақсы сөз сонша.
Ұзаған сайын ауылдан
Ауылды жаның сағынған.
Шақырмаған қонаққа
Шала піскен тамақ бар.
Жақсы көрші-жарым ырыс.
Ұшқыннан қорыққан ұста болмас.
Туасы мықты жаралған
Тайынбас аяз, бораннан.
Дені сауға дәмсіз тағам жоқ.
Есіріп, бүлдірерсің,
Ес кіріп, құн төлерсің.
|