Қыста кейбір үйлердің қабырғалары көгеріп кететіні бар. Ондайда үйден зәктің иісі шығып, ол адамға жайсыз әсер етеді. Үй қабырғалары көгеріп кетпес үшін төмендегі кеңестерге назар аударыңыз. -Ең алдымен бөлмеде ылғалдың көбейіп кетпейуіне жағдай жасаңыз. Ол үшін есік-терезелерді ашып, бөлмені жиі желдетіп тұрыңыз. -Содан кейін жиһаздарды дұрыс орналастыра білу керек. Егер жиһаз қабырғаға тым жақын орналасқан болса, оның артындағы ауа айналымы нашарлайды. Содан кейін ол жер буланып, су тамшыларына айналады. Ал мұндай жердің тез зәктенетіні белгілі. -Бөлмеде гүл өсірген жақсы. Бірақ оларды тым көбейтіп жібермеңіз. Өйткені бөлме гүлдері де «тыныс алады», яғни ылғал бөледі. Үйде әсіресе қураған гүлдің тұруына жол бермеңіз. Ондай гүлдер өзінен зиянды микробтар бөледі. Ал ол өз кезегінде бөлменің зәктенуіне себеп болады. -Көп әйелдер үй ішін суланған сыпырғымен сыпырады. Ол шаң басатын болғанымен, қабырғалардың көгеріп, зәктенуіне өзіндік себебін тигізеді. Ескерте кетерлік тағы бір жайт, ылғалды сыпырғыны бөлмеде сақтамай керек. Себебі ол зиянды микробтардың тез көбеюіне әсер етеді.
|