-Қыстыгүні жуылған кірді үйде кептіретініміз рас. Ол да өз кезегінде үйдің қабырғаларының көгеруіне, зәктенуге соқтырады. Негізі, бөлме температурасының бір қалыпты болғаны дұрыс. -Үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде қабырға сылағына негізінен цемент пен әкті көбірек қолданған дұрыс. Мұндай құрам булануға, суға өте төзімді келеді, қабырғаның көгеруіне жол бермейді. -Егер бөлме қабырғалары зәктеніп, көгеріп кеткен болса, оны тез арада тазалап тастау керек. Ол үшін қабырғаның бүлінген тұсын толықтай қырып, содан кейін кір жуатын ұнтақ қосылған сумен жуған дұрыс. -Сондай-ақ көгерген жерді ас содасы мен сірке суының көмегімен тазартуға да болады. Ол үшін зәктенген жерге сода сеуіп, үстіне сірке суын бүркейді. Бұл қоспа көпіршіп, түтіндеген кезде зәктенген жерді темір щеткамен ысқылап, содан кейін тазалап жуады. -Бөлме қабырғаларын зәктенуден қорғау үшін есік-терезелерге, жиһаздарға әліпмай жаққан дұрыс. Оның табиғи, таза болуына мән беріңіз. Жасанды түрлері күн ыстықта ерігіш, жабысқақ келеді.
|